Атырау облыстық филиалы баршаңызды «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен» құттықтайды!

Құрметті әріптестер! «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы баршаңызды «1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен» құттықтайды!

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген дана халқымыз.

«Береке бастауы — бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Баршаңызды мерекелеріңізбен құттықтай келе, отбасыларыңызға амандық, татулық, ырыс-несібе тілейді!

Әрдайым бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік.

Мереке тағы да құтты болсын!