«SENIM» Ақтөбе филиалы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде медицина қызметкерлерінің балаларына қолдау көрсетеді

«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне медицина қызметкерлерінің балаларына материалдық қолдау көрсетеді.

Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн.

1 маусым 2020 жылы «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күніне әлеуметтік жағдайлары төмен денсаулық сақтау қызметкерлерінің 60 отбасыға қайырымдылық көмек жасаланады – ол балаларға арналған сыйлықтар: ойншықтар, доптар, дамыту ойындары, сурет салатын альбом, бояу, ертегі кітаптар, гель шарлары.