«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалын 58 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрайды, оның ішінде мемлекеттік – 46, жеке — 12, кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 23 962.
Дәрігерлер, медбикелер және денсаулық сақтау жүйесінің барлық мамандары өздерін басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына қамқорлық жасағандары үшін, жоғары кәсібилік пен өз ісіне адалдықты көрсетіп, дәлелдеген саланың барлық мамандарына алғысымызды және шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Медициналық білімнің деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың денсаулығын сақтау және кәсіподақ өміріне белсенді арттыру жұмыстары – «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалының негізгі бағыттары.
Сіздерге «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып,әрдайым жарқын, шуақты да мерейлі күндеріңіз көп болсын деп тілейміз!
«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы медицина қызметкерлерін мейрам қарсаңында келесі марапаттарға табыстады:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінен:
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі — Ермағамбетов Камалхан Куанович, ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК- анестезиология, реанимация және қарқынды терапия орталығының жетекшісі,
- «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгісі — Бекенова Гульсим Таргиновна, ШЖҚ»Медициналық жедел жәрдем ауруханасында» МКК қабылдау бөлімінің меірбикесі»,
- «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі – Исмамбетова Куляш Садыковна, ММ «Первая помощь» (Алғашқы жәрдем») ЖШС жәдел және шұғыл медицилық көмек аға дәрігері,
- Бисенова Биғатша, ШЖҚ «Ақтөбе облыстық туберкулезге қарсы диспансері» фтизиатр дәрігері, Құрмет грамотасына,
- Мұқашев Куандық Испандиярович Мұғалжар аудандық ауруханасының онколог дәрігері Алғыс хат,
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ төс белгісі:
- Агзамова Светлана Жолдасовна — ШЖҚ «Ақтөбе медициналық орталығы» МКК кәсіподақ ұйымының төрайымы, қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі,
- Сафарова Гульзада Уахитовна – ШЖҚ «Мамандырылған емдеу профилактикалық кәсіпорыны» МКК кәсіподақ ұйымының төрайымы, дәрігер-эпидемиолог,
- Есенгалиева Нуржамал Таскалиевна – ШЖҚ «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы» МКК дәрігер-бактериологы.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 5 қайырымдылық СЕРТИФИКАТЫ, номиналдық бағасы 100 000 теңге :
- Сарбупеева Гульжамила Агниешовна, «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ «№2 Қалалық емханасы,
- Смағұлов Бауыржан Аралбайұлы, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ «Медициналық жедел жәрдеи ауруханасы
- Рятова Камшат Канатқызы, «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ «Ырғыз аудандық ауруханасы» МКК
- Мухамбетова Бибигуль Мухамбетовна, «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ШЖҚ «№1 Қалалық емханасы
- Курманбаева Кыйбат Абылдаевна, Мұғалжар аудандық ауруханасының мейірбикесі,
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 8 Кұрмет грамотасы, 8 АЛҒЫС ХАТЫ, қосымша облыстық филиалынан бағалы сыйлықтар
- «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының меншікті қаражат есебінен 18 медицина қызметкерлеріне: әлеуметтік жағдайлары төмен денсаулық сақтау қызметкерлеріне, оның ішінде көп балалы аналар, жалғыз басты аналар, мүгедек балалары бар, коронавирус инфекциия COVID-19 індетпен күресіп жұмыс жасаған қызметкерлерге 1 000 000 теңге қайырымдылық СЕРТИФИКАТЫ бөліп табысталды.