«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы басшылығы медицина саласының кәсіподақ мүшелерін салтанатты түрде 9 қазан Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтады, мереке иелерінің көпжылғы еңбек тәжірибелері еленді.
«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалын 60 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрайды, оның ішінде мемлекеттік – 48, жеке — 12, кәсіподақ мүшелерінің жалпы саны 23 989.
Кәсіподақ әрқашан жұмыс істейтін халықтың еңбек және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қорғайтын ұйым. Қызметшілердің мүдделерін қорғау, құқықтарының сақталуын қоғамдық түрде бақылау, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау, жанжалдарды шешу — бұл ұйымның басты міндеттері.
Zoom платформасы арқылы видеоконференция өтті.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен үлкен деңгейде салтанатты шара өтіп, денсаулық сақтау салалардағы еңбек ұжымдарының өкілдері, кәсіподақ ардагерлерімен 200 ден аса еңбек адамдары қатысты.
«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы, халықтың денсаулығын сақтау және кәсіподақ өміріне белсенді арттыру жұмыстарын жүргізу мақсатында «Ең үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» номинациясы бойынша 15 бағалы сыйлықтар берілді.
Қазақстан Кәсіподақтар күніне орай, Елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-қуатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметі, кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жеке үлесі және кәсіподақтармен әлеуметтік серіктестікті дамытқан үшін 4 медицина қызметкерлерін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҮЗДІГІ төс белгісі табысталды.
22 кәсіподақ мүшелері «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет» грамотасымен және Алғыс хатымен, Ақтөбе облысы Кәсіподақ орталығының атынан 5 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы «Құрмет» грамотасымен және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясына 30 жыл 1 мерейтойлық грамотамен марапатталды.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға Ақтөбе Жоғары медициналық колледжі ескерткіш бюст ашты. Облыс әкімшілігі, «SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы атынан гүл шоқтары қойылды.
«SENIM» Ақтөбе облыстық филиалы Қазақстан Кәсіподақтары күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш — жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, әрдайым жарқын, шуақты да мерейлі күндеріңіз көп болсын деп тілейміз!