«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық касіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы.


Қаражігіт Миллят Файзуллаұлы 1941 жылдың 2 тамызында Ресей Федерациясының Астрахан облысының Краснояр ауданында, кіші Арал ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағаннан кейін отбасымен Гурьев облысының Ганюшкина ауылына қоныстанады. 1961 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтына оқуға түсіп, 1967 жылы оқуын аяқтағаннан кейін сол институттың хирургиялық ота жасау кафедра ассистенті болып жұмыс жасады. 1968 жылы И.П.Павлов атындағы  Ресей Федерациясының Ленинград медициналық институтына аспирантураға түсіп, 1973 жылы диссертация қорғап медицина ғалымдарының кандидаты дәрежесін алып тәмәмдады.

1973-1979 жылдар аралығында Қарағанды медициналық институтының базасында жалпы хирургия кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарды. 1979-1981 жылдар аралығында Ақтөбе медицина институтында базасында жалпы хирургия кафедрасының ассистенті болып қызмет атқарған.

1982-1989 жылдар аралығында Гурьев қаласындағы онкологиялық диспансердің онкология және радиология бөлімшесінің ғылыми аға қызметкері болып қызмет атқарды.

1989-1993 жылдар аралығында Атырау облысының бас хирургі болып тағайындалды. 1994-1996 жылы «Онкология» Гурьев ғылыми өндірістік бірлестіктің бас дәрігері болды.

1996-1999 жылы ФСМС мекемесінің медициналық қызметті бақылау бөлімшесінің басшысы. 1999-2011 жыл Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігерінің хирургиялық және ішкі аудит жұмыстары жөніндегі орынбасары болып тағайындалып қызмет атқарды.

2011-2018 жылдар аралығында «ДостарМедПрестиж» клиникасында хирург болып қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап Атырау облыстық ауруханасында медициналық қызметтің сапасын бақылау бөлімінде дәрігер эксперт болып қызмет атқарды. Жоғары дәрежелі хирург. Атырау облысының денсаулық сақтау саласына көптеген жаңалықтар енгізді. Қазақстан бойынша көптеген хирург-дәрігерлерге тәлім тәрбие беріп дәрігер мамандығын иемденуге себепкер болған адам. 2006 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен марапатталған. 2016 жылы «Алтын дәрігер» төс белгісімен марапатталды. Газет журналдарға көптеген мақалалары жарық көрді.

2020 жылғы 8 желтоқсанда 79 жасында Қаражігіт Миллят Файзуллаұлы өмірден өтуіне байланысты отбасы мен тума-туыстарының  қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жәннатта, иманы жолдас болсын.