Доспаева Жұмажан Далабайқызы мерейлі 80 жасқа толды

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қызметкері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласының үздігі, Еңбек ардагері, Атырау облысының емдеу сауықтыру мекемелерінде басшылық лауазымдарын атқарған Доспаева Жұмажан Далабайқызы мерейлі 80 жасқа толды.

Мерей той иесін Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байдувалиев Асхан Мархабайұлы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалының төрайымы Кашкенова Майра Тұрланқызы, Атырау жоғары медициналық колледжі директоры міндетін атқарушы Кдрсихов Елдос Ерсайынұлы құттықтап, жүрекжарды лебіздерін арнады. Жұмажан Далабайқызының қарапайым дәрігерден бастап басшы лауазымдарда елі үшін, халқы үшін жасаған істері кейінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Жұмажан Далабайқызы тек қана денсаулық сақтау саласына ғана емес,сонымен қатар Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына да үлкен үлесқосып облыстық маслихат хатшысы міндетін де абыроймен атқарды.

Біз сізбен мақтанамыз, Жұмажан Далабайқызы!!!