«SENIM», «Жігер» жастар қозғалысының белсенділерімен бірлесіп жыл сайынғы қан тапсыру акциясын жалғастырды

Жастар кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы «Жігер» жастар қозғалысының белсенділерімен бірлесіп жыл сайынғы қан тапсыру акциясын жалғастырды. Биыл іс-шара Халықаралық қатерлі ісікпен ауыратын балалар күні қарсаңында өткізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша үнемі қан беретін қан донорлары орташа адамнан 5 жылға көп өмір сүреді. Бір донордың қаны компоненттерге бөлінеді және соның арқасында 4-5 пациенттің өмірін сақтай алады.

Акцияға 35-тен астам адам қатысты. Донорлық қан бүгінгі күні басқа дәрілік препараттармен алмастыруға болмайтын жалғыз емдік құрал болып табылады.