АУДАНДАРДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР

«SENIM» Батыс Қазақстан облыстық филиалының кәсіподақ төрағасы жоспарланған кестеге сәйкес 11-12 наурызда жұмыс сапары аясында Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандық ауруханаларында болды. Жұмыс сапарлары барысында санитарлық — эпидемиологиялық талаптар бойынша еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының есептері тыңдалды, 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының өткен XXVI съезі туралы есеп берілді, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты Президенттің бастамасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «30 игі іс» акциясы және 2021 жылды Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы деп жариялағаны туралы бастапқы ұйымдардың назарына жеткізілді.

Медициналық қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен арттыруға және сақтандыруға қатысты маңызды мәселелер түсіндірілді, сондай-ақ жас мамандармен кездесулер өткізілді, олармен «SENIM»кәсіподағының басым бағыттары талқыланды.

Наурыз мейрамын мерекелеуге орайластырылған еңбек ұжымдарына алғыс хат және бағалы естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ, аудан әкімшіліктерімен кездесу өтіп, нәтижесінде медицина қызметкерлерінің кадр тапшылығы және әлеуметтік мәселелер көтерілді.