Атырау облыстық филиалы бүгін «12-мамыр Халықаралық мейірбикелер күнімен» барша мейірбикелерді шын жүректен құттықтайды

ҚҰТТЫҚТАУ!!!

« Senim » Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы бүгін «12-мамыр Халықаралық мейірбикелер күнімен» барша мейірбикелерді шын жүректен  құттықтайды.

Құрметті мейірбикелер!

Әлемде бірнеше ардақты да құрметті мамандықтар бар. Соның бірі –мейірбике. Бүгінгі мейірбике тек қана дәрігер бұйрығын орындаушы ғана емес, ол ойшыл, үнемі ізденісте жүретін шығармашыл тұлға. Мейірбике – мейірбике ісі философиясын бөлісетін, мейірбике ісін жүргізуге құқығы және кәсіби білімі бар маман. Мейірбике – денсаулық сақтау саласының негізгі қозғалтқыш күші. Сондықтан, науқастарға психологиялық тұрғыдан демеушілік көрсетіп, мейірімділік танытып жүрген ақ халатты абзал жандардың жан-жақтылығы бүгінгі уақыт талабы. Мейірбике өз қызметі барысында ұйымдастырушылық, ғылыми-зерттеушілік, оқытушылық міндеттер сияқты қағидаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс жасайды.

Олай болса, денсаулықтың жаршысы, адам өмірінің қорғаушысы, науқастың дертіне дауа сыйлаушы, Гипократ антын қабылдап, міндетін мінсіз атқарып жүрген баршаңызды Халықаралық мейірбикелер күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздерге отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілек білдіреді.