«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы әлемдегі барлық балаларды «1 маусым балаларды қорғау күнімен» құттықтайды.

Балалық шақ – адам өміріндегі ең маңызды балдай тәтті кезең. «Балалық шағың, патшаның тағы» деген нақыл сөз бекерге айтылмағандай. Балалар әр кез ата-ана мейірімі мен ізгі ниетті жандардың қамқорлығынан нәр алып өссе, олардың келешегінің нұрлы, жарқын болары сөзсіз. Жайма шуақ жайдарлы жаздың алғашқы күні халықаралық  балаларды қорғау күніне орай облыстық филиал атынан кәсіподақ мүшелерінің ерекше балаларына тосын сый жасап, үйлеріне арнайы құттықтап барды. Балаларға тәтті толы кәрзенке және ойыншықтар ала барып қуантты.Балалар күтпеген жерден тосын сый алып,бір қуанып қалды.