Кәсіподақ, кәсіби одақтар – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйымдар; қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестіктері
Кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, байланысты туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады.
Кәсіподақ – еңбек ұжымдарындағы сан қырлы қызметті ұйымдастырушы, қарапайым жұмысшылардың жанашыры, әрі мүддесін қорғаушы қоғамдық ұйым.
Кәсіподақ – ең әділ әрі тәуелсіз ұйым. Сондықтан еңбек адамдарының әлеуметтік мәселелерін шешуде рөлі жоғары Егеменді Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың құқықтық жағдайы Конституциямен, Еңбек туралы заңдар кодексімен, халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. Кәсіподақтардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі.
Осындай кәсіподақ ұйымының бірі облысымыздағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы жұмыс жасайды. Аталған ұйымда облысымыздың денсаулық сақтау мекемелерінің 40 жуық бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүше.
Атырау облыстық филиалды Кашкенова Майра Тұрланқызы төрелік етеді.
«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалы облысымыздағы денсаулық сақтау мекемелерінің барлық қызметкерлерінің мүдделерін қорғап отыр. Кешегі КОВИД-19 пандемиясының кезінде медицина қызметкерлеріне үстеме еңбекақы төлеу кезінде аса маңызды рөл атқарды.
Облыстағы КОВИД-19 вирусын жұқтырып ауырып қалған медицина қызметкерлеріне бір реттік әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар кәсіподақ мүшелеріне атаулы мерекелерде әлеуметтік көмек көрсету жағынан кенде емес, аз қамтылған отбасыларына, жалғыз басты аналарға, мүгедектігі бар ұйым мүшелеріне ақшалай және заттай көмек көрсетілуде.
Ұйым мүшелігіндегі барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарына Майра Тұрланқызы заңды тұғыда әдістемелік көмек көрсетеді.
Биыл 2021 жыл « Бастауыш кәсіподақ жылы» болып бекітіліп, жыл бойына біршама жұмыстар атқарылды.
Қандай ұйым болсада алға қойған мақсаты,айқын міндеті,әсіресе жұмысшылардың қорғаны саналатын кәсіподақ ұйымдары,тәуелсіздіктің тұғырын биіктетіп,мемлекет мерейін асыру, береке бастауы бірлікте екенін түсіну деп есептеймін.
Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы
күрес және алдын алу орталығының
бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы
Даркенбай Сарсенғалиев.