Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласының әдістемелік қоры ас қорыту жүйесін диагностикалық зерттеуге мүмкіндік беретін – заманауи капсулалық эндоскопия әдісімен толықтырылды.
Қазіргі кезеңде аш ішек аурулары мен ісіктері үлкен қиындық туындатып отыр, өйткені асқазан-ішек жолын тексеруде эндоскопиялық зерттеулер жүргізу мәселесі толығымен шешілмеген еді. Бірақ капсулалық эндоскопиясының пайда болуымен бүкіл ішекті тексеруге мүмкіндік туды.
Жіңішке ішекті зерттеудің ерекше әдісі болып табылатын бейнекапсулалық эндоскопия — асқазан-ішек жолдары ағзаларын, жіңішке ішектің үш бөлігін: ұлтабар, ашішек және мықынішекке гастро және колоноскопия жасап, зерттеудің дәстүрлі әдісінде қол жеткізбейтін ішек маңайын көруге мүмкіндік беретін ең заманауит әсіл.
Осы әдіс өз атауын көлемі жағынан дәрілік препараттың капсуласына ұқсас бейнекамерасы бар микрокапсуладан алады. Қондырғының диаметрі шамамен 11-13 мм, ұзындығы 24-26 мм. Бейнекапсуланы көбіне жіңішке ішекті зерттеген кезде қолданады.
Зерттеудің ерекшелігі сонда, инва¬зи⬬ті емес тәсілмен жіңішке ішекті барлық жағынан қарауға мүмкіндік береді. Оның адам ағзасына ешқандай зиянды және жағымсыз әсері болмайды. Седативті заттарды қолдану талап етілмейді және процедура ауыртпай жасалады. Сонымен қатар капсула бір реттік болып табылады, бұл пациенттің инфекция жұқтыруына жол бермейді. Зерттеуді амбулаторлық жағдайда да, стационарда да жасауға болады.
Табиғи жиырылуының нәти¬же¬сін¬де капсула асқазан-ішек жолда¬ры-ның барлық бөліктерін өтеді де, өздігінен ағзадан шығып кетеді. Ол асқорыту жолдары арқылы өткенде па¬циенттің беліндегі қабылдау қон-дырғысы сымсыз арнамен суретке түсіреді де, осыдан кейін арнайы диагностикалық бағдарламаның көмегімен бейнекөрініске айналады және алгоритмдердің көмегімен талдау жасалады.
Зерттеудің осынау әдісі ішектен қан кеткенде (ұзақ уақыт болатын темір¬тапшылықты анемия, жасырын қан¬ға жасалатын нәжістің оң анализі), Крон немесе осы ауруға күдік пайда бол¬ғанда, жіңішке ішектегі сорылудың мүм¬кіншілігі болмауы салдарынан (целиакия) қалыпты метаболикалық процестердің бұзылуымен негізделген мальабсорбция синдромына күдік туындағанда, жіңішке ішек ісігі кезінде, ішек полиптерінде, іштегі түсі¬ніксіз аурулар және түсініксіз этио¬логияда салмақ жылдам азайғанда ұсы¬нылады.
Эндоскопияның заманауи әдісін енгізу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың Мәскеу қаласындағы «МЕДСИ» АҚ медицина академиясының гастроэнтерология және эндоскопия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор П. Л. Щербаковты шақыруының арқасында мүмкін болды.
Профессор П. Л. Щербаков ағымдағы жылдың тамыз айында Тараз қаласында өткен «Заманауи визуализация құралдарын қолданумен мультидисциплинарлық эндохирургиялық тәсіл» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысып, оның барысында эндоскопия бойынша шеберлік сыныптарын өткізген. Сонымен қатар, профессор эндоскопияның барлық қолжетімді әдістерін жетік меңгерген.
2021 жылғы 16 қазанда Тараз қаласында П.Л. Щербаковтың басшылығымен пациенттерге капсулалық эндоскопия жасалды.