Сағиев Жаңабай Нұғымашұлы 1961 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы селосында өмірге келген.
1978 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының гигиена, санитария және эпидемиология факультетіне түсіп, 1984 жылы аяқтаған.
Мамандығы- эпидемиолог, дәрігер гигиенист.
2018 жылы « Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын» психология мамандығы бойынша магистрант атанған.
Біліктілігін арттыру курстары : «КРІ Енгізу принциптері мен мақсатқа жету құралдары», « Қазақстан Республикасының туберкулезге қарсы күрес қызметін реформалаудың өзекті сұрақтары », «Заманауи фтизиатрияның өзекті мәселелері», «Туберкулезді қадағалаудағы АКӘМ рөлі», «Ересектер мен балалардың фтизиатриясының негізгі аспектілері», « Қоғамдық денсаулық сақтау /әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру»,
« Халықаралық және ұлттық аккредиттеу стандарттарын енгізу шеңберіндегі қаржылық менеджменті».
Жұмыс тәжірибесі:
13.08.1984-19.05.1988 жылдар аралығында- Қызылқоға аудандық СЭС-да дәрігер-эпидемиолог;
02.06.1988-22.03.1992 жылдар аралығында Гурьев обаға қарсы станциясы- дәрігер;
06.04.1992-22.06.1994 ж-Қызылқоға аудандық ауруханасы- аудандық Денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі;
22.06.1994-01.12.2000ж- Қызылқоға аудандық ауруханасы- бас дәрігер;
19.12.2000-08.10.2001 ж- Мақат аудандық ауруханасы- бас дәрігер;
08.10.2001-30.12.2004 ж- Мақат аудандық Денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі ;
15.04.2005-21.02.2011ж-Макат ауданында-Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы;
22.02.2011-06.12.2011ж- Мақат аудандық әкімшілігі- әкім орынбасары ;
07.12.2011-02.06.2018 ж- ОПТД-бас дәрігер;
08.08. 2018-10.07.2019 ж-Дамбы ДА –директоры;
11.07.2019-13.02.2019 ж- Әлеуметтік сақтандыру басқармасының №3 арнайы орталықтандырылған интернаты- директор;
14.02.2020-30.04.2020 ж-ЖИТС-директор міндетін атқарушы;
04.05.2020-07.09.2020 ж- Атырау қалалық медициналық колледжі- директор ;
25.09.2020 жылдан бастап қазіргі уақытта Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры.