Қаймақова  Айгүл  Қаймаққызы

«Senім» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы, Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі Қаймақова  Айгүл  Қаймаққызы — Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының бас мейірбикесі. Жоғары санатты маман.

1981 жылы 1 тамыз айынан бастап Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің №2 терапия бөліміне емшібике болып жұмыс өтілін бастаған. 1987 ж.  Москва қаласынан тәжірибе алмасу мақсатында дәрігерлер келуіне байланысты, сол жылы өкпе хирургия бөліміне таңу  емшібике міндетіне, 2006 ж. өкпе хирургия бөліміне аға емшібике міндетіне, 2014 ж. бас мейірбике міндетіне тағайындалды.

1982-1986 жж. алғыс хаттар, мадақтау қағаздары. 2016-2018 жж. алғыс хаттар.

2016 г. Решением Оргкомитета Национального бизнес-рейтинга в Республике Казахстан по итогам рейтинтования предприятий медалью  «Чуткое сердце».

2017 ж. Ұлттық Медициналық Ассоциациясы  «Мейірім» төс белгісімен  наградталды.

2019 ж. ҚР кәсіподақтар федерациясының  «Құрмет грамотасы» марапатталды.

2021 ж.  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен  наградталды.