Дәрігерлерге тапшылық мәселесі шешілуде

Бүгінде денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) барлығы 15472 медицина қызметкерлері бар, оның ішінде 3377 дәрігер, 12095 орта медицина қызметкерлері, сонымен бірге мемлекеттік ұйымдарда 12486 медицина қызметкері болса, оның ішінде 2545 дәрігер, 10241 орта медицина қызметкерлері, жекеменшік ұйымдарда барлығы — 2686 медицина қызметкерлері бар, оның 832 — дәрігер, 1854 — орта медицина қызметкерлері.

Облыс бойынша орта буын медициналық қызметкерлеріне тапшылық жоқ, ал дәрігерлер тапшылығы 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 есе төмендеген. Тапшы дәрігерлердің басым бөлігі жалпы практикалық дәрігер — 23, терапевт — 9 (3 қала, 6 ауыл), анестезиолог-реанимотолог — 15 (8 қала, 7 ауыл), акушер-гинеколог — 10 (2 қала, 8 ауыл), неонатолог — 6 (5 қала,1 ауыл), невропатолог — 10 (4 қала, 6 ауыл), психиатр — 12 (12 қала) және тағы да басқа терең білімді мамандар.

Өңірлерде денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту және медицина кадрларының тапшылығын төмендету мақсатында, Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласындағы кадр саясаты бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жергілікті бюджеттен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар кадрларды даярлау үшін гранттар бөлінеді.

Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина универитетінде жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 32 білімгер оқиды (о.і. 2019 жылғы- 12, 2020 жылғы — 10, 2021 жылғы — 10 түлек).

Осы университетте жергілікті бюджет есебінен оқу бітіргеннен кейін Жамбыл облысының мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 50 дәрігеррезидентурада оқиды, оның ішінде 2019 жылы түскен 12 дәрігер (акушер-гинеколог-8, анестезиолог-реанимотолог-4), 2020 жылы түскен 10 дәрігер (акушер-гинеколог-2, анестезиолог-реанимотолог-3, неонатолог-3, невропатолог-2), 2021 жылы түскен 28 дәрігер («Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың» — 6, «Неонатология» 2, «Гематология (ересектердің)» 2, «Ревматология ересектердің, балалардың» 1,«Психиатрия ересектердің, балалардың» 1, «Гастроэнтерология ересектердің, балалардың» 1, «Травматология-ортопедия ересектердің, балалардың» 3, «Пульмонология ересектердің, балалардың» 2, «Аллергология және иммунология ересектердің, балалардың» 1, «Балалар хирургиясы» 1, «Неврология ересектердің, балалардың» 4, «Онкология» 4 )оқиды.

Одан бөлек, 2020 жылдың 26 тамызында Жамбыл облысының әкімдігі мен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университеті денсаулық сақтау саласы кадрларын үздіксіз кәсіби дамытуды жетілдіру, сондай-ақ білім алушылардың жаңа технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы медициналық білім беруді жаңғырту және дамыту саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатында ыңтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Меморандум шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, Университеттің клиникалық кафедралардың профессор-оқытушылар құрамы өңірдегі денсаулық сақтау ұйымдарына консультациялық, емдеу-диагностикалық көмектер көрсетуде, денсаулық сақтау ұйымдарында интерндерді / резиденттерді практикалық оқыту жүргізуде, медицина қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруда қосымша білім беруде.