ЖАҢАРУ ҚАДАМДАРЫН ҚОЛДАЙМЫЗ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін көгілдір әкран арқылы мұқият тыңдап, ой елегінен өткізіп отырмын. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын бұзып, мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған халықаралық террористік ұйымдардың әрекеттеріне мықты тосқауыл қойылды. Елімізде қалыпты бейбіт тірлік орнағаннан кейін Мемлекет басшысы Парламент отырысында Тәуелсіз Қазақстанның болашақ даму бағыттарын жан-жақты белгілеп берді.

Еліміздің элеуметтік-экномикалық дамытудың айқын мақсаттарын белгілеген Президент қарапайым қазақстандықтардың көкейіндегі көптеген сұрақтарға жауап беріп қана қоймай, күрделі экономикалық және саяси ахуалды тұрақтандыру мен елдегі тыныштық пен бейбіт өмірді сақтап қалу жолдарын да атап көрсетті. Әсіресе, қоғамның негізгі бөлігін құрайтын жастар арасындағы жұмыссыздық, әлеуметтік әділетсіздік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, «Ауыл –ел бесігі», «Жастар іс-тәжірибесі» сынды жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жасаған үндеуінде азаматтардың байқуаттылығы және әлеуметтік қамсыздығы мемлекеттің басты назарында болуы керектігін, санмен ойынды қойып, нақты істерге көшетін кез келгендігін жеткізіді. Айтуынша, соның салдарынан көптеген адамдар жұмыссыздықпен бетпе-бет келіп және әлеуметтік қорғаусыз қалып жатыр. «Бұл әлеуемттік-еңбек саласын сапалы жаңартуды қажет етеді. Осы мақсатпен мынадай шараларды қабылдаған жөн. Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеу қажет. Жұмыс нақты әрі әр азаматқа бағдарланған болуы керек. Басқарудың әр деңгейінде кедейлікті төмендетудың нақты көрсеткіштерін бекіту қажет», — деді Президент.

Екі жылдан бері пандемия індетімен күресте дәігерлердің адам жанына араша түсудегі қажырлы еңбек сіңіргенін халық көріп, сезінді. Әлеуметтік саланың сапалық тұрғыда жаңаруы әлбетте, халықтың әл-ауқатын, табысын көтеру, медициналық, білім беру, әлеуметтік игіліктерін кедергісіз, толық мөлшерде пайдалану, олардың қолжетімді болуымен байланысты. Әлеуметтік кодексте осының бәрі соңғы ахуалды, пандемияның салдарын ескере отырып, көрініс табу керектігіне аса мән берді.

Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік бюджеттің 50 пайызынан көбі әлеуметтік салаға жұмсалады, дегенмен ол әлі де жеткіліксіз. Бұл орайда, балаларды қорғау,денсаулық және білім беру секілді салаларды қолдау мақсатында Қоғамдық қор тетігін пайдалану туралы Президенттің ұсынысы өте орынды дер едім.

Майра Кашкенова,
«Senim» денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы
Атырау облыстық филиалының төрағасы