2022 жылғы 3 мамырда Кәсіподақтар үйінде «Еңбек дауларын реттеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған Павлодар қаласының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, салалық, жергілікті кәсіподақ бірлестіктері филиалдарының төрағалары қатысты.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары С.А. Гладышева дөңгелек үстелге қатысушыларды еңбек дауларының уақтылы алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударуға, туындаған еңбек дауларын келісім комиссиясы деңгейінде уақтылы және толық көлемде шешуге, бейбіт реттеу үшін кәсіби медиаторларды тартуға шақырды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде қарастырылған жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу тәртібін Павлодар облысы бойынша еңбек басқармасының мемлекеттік инспекторы Қ. Ғ. Арқалықов түсіндірді.
Павлодар облысы кәсіподақтары аумақтық бірлестігінің төрайымы Д.Н.Айтжанова жұмысшылардың еңбек құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақ жұмысының негізгі бағытына тоқталды.
«Облыс кәсіподақтарының аумақтық бірлестігімен құқық қорғау жұмысында келісім комиссияларының мүшелерін оқытуға, «Татуласу орталығы» Кәсіподақтардың татуластыру орталығында медиация құралын пайдалана отырып, еңбек дауларын шешуге, ҚРФ Заң клиникасы филиалында азаматтарды күнделікті қабылдауға, Павлодар облыстық сотымен еңбек дауларын шешудің бейбіт тәсілдерін дамыту және еңбек ұжымдарында еңбек заңнамасын түсіндіру бойынша бірлескен жұмыс форматына баса назар аударылды», — деп атап өтті спикер.
«Павлодар облысы бойынша Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ филиалының төрағасы П.Е. Сурма Павлодар облысы билер кеңесінің биі ретінде еңбек дауларының алдын алу және тараптардың татуласуы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кәсіби медиатор, «Татуласу орталығы» татуластыру орталығының басшысы М. А. Иванова Павлодар облысы соттары мен облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбек дауларының алдын алу, еңбек дауларын тоқтату үшін медиацияны пайдалану мәселелері бойынша өзара әрекеттесуі туралы айтып берді.
«Еңбек дауын қарау мерзімін тоқтата тұру үшін қаралып жатқан еңбек дауы бойынша медиация келісімін жасау мүмкіндігін белсенді пайдалану қажет», — деді спикер.
«Павлодар қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары Л.И.Кузьменкова жазбаша және оған қатар электронды еңбек келісім-шарттарын жасасу қажеттігін түсіндірді.
«Еңбек қатынастарын дұрыс ресімдеу, белгіленген нысанда еңбек шартын уақтылы жасасу тұрақты еңбек қатынастарының негізін құрайды», — деп атап өтті спикер.
Павлодар қаласы прокуратурасының аға прокуроры Мусалимов Қ.О. Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.