СТАЦИОНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЗДІК МЕЙІРГЕРІ – 2022

Өткен аптада Жамбыл жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында Халықаралық медбике күніне арналған «СТАЦИОНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ҮЗДІК МЕЙІРГЕРІ — 2022» атты орта медициналық білімі бар мамандар арасында облыстық кәсіби байқау өтті., Конкурсқа Тараз қаласы мен Жамбыл облысының медициналық ұйымдарының мейіргер мамандары қатысты.

Конкурс «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы және «Жамбыл облысы Мейіргер ісі мамандарының кәсіби бірлестігі» ҚБ ұйымдастыруымен өткізілді.

Байқаудың мақсаты – мейіргер мамандығының кəсіби біліктілігі мен мəртебесін көтеру, халыққа мейірбикелік қызмет көрсету сапасын арттыру, еліміздің орнықты əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.

Негізгі міндеттері — маңызды мемлекеттік тапсырмаларды жүзеге асыру үшін орта медициналық мамандардың белсенді қатысуы, дарынды жəне шығармашыл мейіргерлік іс мамандарын анықтау жəне марапаттау, орта буын мамандарының өзіндік қанағаттануының жоғарылауы, мейіргерлердің кəсіби дайындықтарының деңгейін анықтау, кəсіби қызмет шеңберінде туындаған мəселелерді өз бетінше жəне тиімді шешу біліктіліктерін қалыптастыру, кəсіби байқауларды өткізуде дəстүрлерді жетілдіру.

Облыстық кəсіби байқауға 14 медициналық ұйымдардың облыстық жəне аудандық мейіргерлері қатысып келесідей жетістіктер көрсетті:

І орын — Советова Арайлым Болатбекқызы, Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мейіргері;

ІІ орын — Имашова Айнур Бейбитовна, Мерке аудандық орталық аруханасының мейіргері;

ІІІ орын — Тилеухорова Насихат Ергенбаевна, Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының мейіргері;

ІІІ орын — Копбосынова Балнур Ерболовна, Қалалық көпбейінді ауруханасының мейіргері;

Жүлделі орын алған А.Б. Советоваға — теледидар, А.Б.Имашовағ-шаңсорғыш, Н. Е. Тилеухороваға және Б.Е. Көпбосыноваға — мультиваркалар табыс етілді.

​Жарыстың қалған қатысушылары естелік бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, кәсіби мереке құрметіне ерекше көзге түскен кәсіподақ мүшелері Жамбыл облысының кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі және белсенді және жемісті еңбегі үшін «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің және Жамбыл облыстық филиалы атынан құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен салтанатты түрде марапатталды. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төсбелгісімен көп жылғы адал еңбегі, жұмыстағы табысты көрсеткіштері және жоғары кәсібилігі үшін Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының мейіргері Джадраева Гульдана Камзиновна және Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының мейіргерлері Шаханова Әсел Қалымқызы және Затыбекова Мансира Азимбековна марапатталды.