ҮЗДІК ОРТА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ

Жыл сайын 12 мамырда Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі. Бұл күн кездейсоқ таңдалмады, бұл күні Флорес Найтингейл дүниеге келді – қайырымдылық әпкелері қызметінің негізін қалаушылардың бірі.

Мерекеге байланысты «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы және «Шарапат» ҚБ «Халықаралық медбикелер күніне» арналған Үздік орта медицина қызметкері атағына Конкурс ұйымдастырды.

«Шарапат» ҚБ төрағасы — Аманжол Нұрбеков, «Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханасы» КМК директорының орынбасары Талғат Жүкен және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев кіріспе сөз сөйледі.

Байқау үш кезеңнен тұрды: визит карточкасы, ситуациялық сұрақтар және манекендерде практикалық дағдыларды көрсету.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша «Үздік медбике» номинациясына ие болды:

1 орын-Бағила Нұрхашева «Абай қаласының орталық ауруханасы» КМК;

2 орын — Жансая Алтайқызы «Clinic Miras» ЖШС;

3 орын-Толқын Қалижанова «Теміртау қаласының орталық ауруханасы» КМК және Гүлнар Қасқатаева «Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» КМК.

«Үздік акушерка» номинациясы бойынша:

1 орын-Айжан Ерғабыл «№3 емхана» КМК;

2 орын — Гульмира Шокенова «Көпсалалы ана мен бала орталығы» КМК.

Жүлделі орын иегерлеріне «Щучинский» шипажайына он күндік жолдамалар, ал қалған қатысушыларға естелік кәдесыйлар мен грамоталар табыс етілді.

Байқау жеңімпазы облыс Әкімінің жыл сайынғы сыйлығымен марапатталады.