МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. 2022 жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Балалар жылы» деп жариялады. Осыған орай биыл балаларды қорғауға, сапалы біліммен қамтуға, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын нығайту мақсатында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы «Балалар жылы» мерекесі аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған бастауыш кәсіподақ ұйымының 25 мүшесіне қайырымдылық көмек ретінде 100 000 теңгелік қаржылай сертификаттарын табыстады.