БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

Балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы балаларға арналған мереке ұйымдастырды.

«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы Ноян Бидайбаев пен төрағаның орынбасары Сұлтан Медеубаев Мемлекет басшысының 2022 жылды балалар жылы деп жариялағанын айтып, құттықтау сөз сөйледі.

Орталық аппаратпен 100.000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттар беру туралы шешім қабылданды.

Мерекеге кәсіподақ мүшелерінің балалары қатысты. Іс-шара барысында 33 отбасына сертификаттар және әр балаға тәтті сыйлықтар берілді.

Балалар анимациялық кейіпкерлермен уақыт өткізіп, олармен бірге секіріп, биледі. Іс-шара барысында балалардың жүздерінен қуанышты күлкі шықпады.

Бақытты бала-бақытты ата-ана.