МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА

28.05.2022 «БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ орынбасары, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығының және т.б. қатысуымен медицина қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өткізілді.

Іс-шараны «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ БҚОФ және «БҚО денсаулық сақтау басқармасы» Облыстық спорт баскармасы, «П.Атоян» стадионы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шараға 15 аудандық медициналық қызметкерлер командасы және қалалық спартакиаданың 3 жеңімпазы қатысты.

Бұл жолы күрес қалалық спартакиадада да шиеленісе түсті және жалпы командалық есепте жүлделі орындар келесідей қалыптасты:

1 орын — ШЖҚ «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» МКК номиналы 100 000 теңге сертификатқа ие болды;

2 орын — БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Облыстық көпсалалы аурухана» МКК номиналы 75 000 теңге сертификатқа ие болды;

3 орын-БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Облыстық кардиологиялық орталық» МКК номиналы 50 000 теңге сертификатқа ие болды;

Сондай-ақ, «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік жанкүйерлер» және т.б. номинациялар бойынша дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, үлкен биіктерге жетуді тілейміз!

«БҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Орал» СК және «Атоян кенті»стадионының әкімшілігіне зор алғысымызды білдіреміз!