«SENIM» КӘСІПОДАҒЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ

Қазақстан Республикасының Президенті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады, 1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ төрағасы С.С. Дүйсеновтың бастамасымен қайырымдылық ақшалай сертификаттар беру туралы шешім қабылданды.

2022 жылғы 30 мамырда Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ғимаратында ерекше балалары бар денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің отбасыларына қайырымдылық ақшалай сертификаттар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді.

Батыс қазақстан облысы бойынша барлығы екі миллион екі жүз мың теңге сомасында сертификаттар табыс етілді.

Сондай-ақ кішкентай көрермендер мен олардың ата-аналары үшін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылды, сол үшін көп жылғы ынтымақтастығымыз үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!