МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

«SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалы әлеуметтік серіктесімен бірлесіп медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қалдыбек Исмаилов пен «SENIM» Қарағанды облыстық денсаулық сақтау кәсіподағының төрағасы Ноян Бидайбаев құттықтау сөз сөйледі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларына «SENIM» кәсіподағының Төсбелгілері табыс етілді:

1. Лариса Агапова — «Облыстық қан орталығы»КМК;

2. Жібек Жүнісова-«Бұқар Жырау ауданының орталық ауруханасы»КМК;

3. Сәуле Өмірова — «Облыстық клиникалық аурухана»КМК 2 перинаталдық орталығы;

4. Отан Макишев — «Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана» ШЖҚ КМК Денсаулық сақтау ардагері;

5. Игорь Маловичко — «Теміртау қаласының орталық ауруханасы»КМК;

6. Сәуле Кавашева — «Шапағат балалар үйі»КММ;

7. Сара Мубаракова — «Клиника Жансая»ЖШС.

Сонымен қатар, Саран және Теміртау қалаларында салтанатты іс-шаралар өткізіліп, денсаулық сақтау Министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Орталық аппараттың және «SENIM»кәсіподақ филиалының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

Барлық медицина қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз және Сіздерге зор денсаулық пен бақыт тілейміз!