Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Спорт күні» мерекесі не орай жарыстар басталды

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Спорт күні» мерекесіне орай медицина қызметкерлері арасында дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын жетілдіру, оларды дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын медицина қызметкерлері арасында насихаттау мақсатында түрлі бағыттағы жарыстар басталды. Спартакиадаға әр ауданнан жасақталған 1 команда, Тараз қаласынан 4 команда қатысты.

Жарыс күшейтілген санитариялық – эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шараларды сақтай отырып өткізілуде. Сонымен қатар, спартакиадаға қатысушылар жасына шектеу қойылған жоқ. Жарыста команда бес спорт түрі бойынша бақ сынасуда. Олар: кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу және бильярд. Ойынның шарты бойынша, жарысқа қатысушы адам бір ғана спорт түріне қатысады. Яғни, медицина қызметкерлерінен ғана құралған команда өзара түрлі спорт түрлерінен жарысқа түсіп, өзгелерге салауатты өмір салтына, бұқаралық спорт түрлерін дамытуға үлгі көрсетуге тырысуы қажет. Спартакиаданың екінші күні, яғни ертең финалдық қорытындыда, жарыстардан озып шыққандар бақ сынаспақшы.