МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында “SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен медициналық қызметкер арасында ұйымдастырылған республикалық спартакиада өз мәресіне жетті.

Төрт күнге созылған ақ халатты абзал жандар арасындағы спорттық дода өте тартысқа толы болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 118 ұпаймен Түркістан облысы жеңімпаз атанса, екінші орын жарыс қожайыны Жамбыл облысында (110 ұпай), ал үздік үштікті Шымкент қаласы (107 ұпай) түйіндеді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанғандарды марапаттау рәсімін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті, Спортты дамыту дирекциясының, Іс-шараларды ұйымдастыру басқармасының басшысы Серікбаев Ғазиз Хамитұлы, Жамбыл облысының әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Мурзакасымов Хамит Саттарқұлұлы жүргізді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Медицина қызметкерлері арасындағы Республикалық спартакиадасының ұйымдастырып, өткізуге қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің төрағасының Ерғалиев Самат Серікқанұлының арнайы алғыс хатымен Хамит Саттарқұлұлы, Даулет Хамитұлы, Гаухар Жұмабайқызы, Ақерке Садатқызы және Азамат Әбдіжапарұлы марапатталды.

Спорт түрлері бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған құрамалар:

Кіші футбол:

I орын: Түркістан облысы

II орын: Жамбыл облысы

III орын: Шымкент қаласы

Волейбол:

I орын: Жамбыл облысы

II орын: Шымкент қаласы

III орын: Түркістан облысы

Жүзу:

I орын: Жамбыл олысы

II орын: Түркістан облысы

III орын: Шымкент қаласы

Үстел теннисі:

I орын: Жетісу олысы

II орын: Түркістан облысы

III орын: Шымкент қаласы

Бильярд:

I орын: Түркістан облысы

II орын: Жамбыл облысы

III орын: Жетісу облысы