«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен ұйымдастырылған медицина қызметкерлері арасындағы Республикалық Спартакиада өз мәресіне жетті.

Төрт күнге созылған ақ халатты абзал жандар арасындағы спорттық дода өте тартысқа толы болды.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 118 ұпаймен Түркістан облысы жеңімпаз атанса, екінші орын Жамбыл облысында (110 ұпай), ал үздік үштікті Шымкент қаласы (107 ұпай) түйіндеді.

Спорт түрлері бойынша облыстың спортшылары жеңімпаз және жүлдегер атанды:

Жүзу спорт түрінен әйелдер арасында Гамилова Фаина 50 м кроль әдісімен II орын, 50 м арқамен жүзу әдісімен I орын иеленсе, ерлер арасында 50 м кроль әдісімен Жумабаев Саят I орын және Абдрасилов Азиз III орын иеленіп, жүзу спорт түрінен жалпы командалық есепте Жамбыл облысы І орынға ие болды.

Үстел теннисінен ерлер арасында жекелей есепте Болтабаев Бауыржан III орынды иеленді.

Бильярд және кіші футбол спорт түрінен облыс спортшылары II орынды иеленсе, волейбол спорт түрінен ІІІ орынды иеленді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы жеңімпаздарды ақшалай сертификаттармен марапаттады.

Кіші футбол:

I орын: Түркістан облысы

II орын: Жамбыл облысы

III орын: Шымкент қаласы

Волейбол:

I орын: Түркістан облысы

II орын: Шымкент қаласы

III орын: Жамбыл облысы

Жүзу:

I орын: Жамбыл облысы

II орын: Түркістан облысы

III орын: Шымкент қаласы

Үстел теннисі:

I орын: Жетісу облысы

II орын: Түркістан облысы

III орын: Шымкент қаласы

Бильярд:

I орын: Түркістан облысы

II орын: Жамбыл облысы

III орын: Жетісу облысы