Облыста жыл басына дәрігерлер тапшылығы 2021 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 1,9 есе төмендеген. Бүгінде кезеңде 125 бірлік (64 қала, 61 ауыл) болды.
Бүгінгі күнге, өңірге 23 жас маман келді, 5 жас маман қалада,18 жас маман аудандарда (Байзақ 3, Жамбыл 5, Қордай 7, Т.Рысқұлов 1, Меркі 2).
Өңірдің ауылдық жерлеріне жұмыс істейтін қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 64 маманға 800,0 мың теңге көлемінде ақшалай көтерме ақы бөлінді.
Денсаулық сақтау саласының 81 қызметкеріне (2021 жылы 58) республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 1500 АЕК аспайтын сомада бюджеттік кредит бөлінді (Байзақ 14, Жамбыл 8, Жуалы 7,Қордай 6, Меркі 11, Мойынқұм 5, Т.Рысқұлов 6, Сарысу 4, Талас 4, Шу 16).
Аудан әкімдіктерінен (Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Қордай, Т.Рысқұлов, Талас, Сарысу) келетін мамандарға коммуналдық қызметтерге, отын, су, көмірге арналған шығындарды өтеуге көмек (5 АЕК мөлшерде) түрлері қарастырылған.
Талас ауданына келген жас мамандарды қажеттілігіне қарай тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланды.Қордай ауданының әкімдігі жалдамалы пәтер қажет ететін мамандарға, бірінші жұмыс істеген жылға, ай сайынғы жалдау қаражаты төленеді.
Өте тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту бағытында жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін жалпы медицина мамандығы бойынша 32 білімгер оқиды (о.і. 2019 жылғы12, 2020 жылғы 10, 2021 жылғы 10 түлек).
Жергілікті атқарушы органның грантымен С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де оқу бітіргеннен кейін облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарында 5 (бес) жыл жұмыс істеу міндеттемесімен жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау үшін 50 дәрігер резидентурада оқиды, оның ішінде 2019 жылы түскен 12 дәрігер 2020 жылы түскен 10 дәрігер, 2021 жылы түскен 28 дәрігер оқиды.
ҚР ДСМ-не тапшы мамандықтар бойынша 2022 жылға республикалық грантпен 70 дәрігерді резидентурада оқытуға тапсырыс берілді, жергілікті бюджеттен 30 дәрігерді оқыту жоспарланды. Денсаулық сақтау саласын кадрлермен қамтамасыз ету алдағы уақытта да жалғаса беретін болады.
SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра