“Кәсіподақ-азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі” атты дөңгелек үстел.

Қараша айының 8 күні Батыс Қазақстан Облысының «Кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен “Кәсіподақ-азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі” атты дөңгелек үстел өтті. Онда қозғалған басты мәселелер: кәсіподақ мүшелерін 2022 жылы 20 қарашада өтетін ҚР Президент сайлауына дауыс беруге шақыру, Конституциялық реформалар нәтижесіндегі заңнамалық өзгерістерді түсіндіріп, таныстыру.
Шараға салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, заңгерлері, оның ішінде «SENIM» кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Кусаинов және заңгер С.Саменова қатысты.

БҚО «Кәсіподақтар орталығының» төрайымы Есекенова А.О. өз сөзінде:

Президентіміз Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтқандай «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап кеткені баршамызға аян.

Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып саяси — экономикалық дамуына өте үлкен үлес қосатындығына сенеміз.

Сондықтан да, барлық кәсіподақ мүшелерін 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып өз таңдауларын жасауға шақырамын.»,-деді. Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституциялық реформа нәтижесінде әзірленіп, қабылданған заңдармен таныстырды.

Шараға қатысушылар бірауыздан 20 қараша күні сайлауға барып, лайықты үміткерге дауыс беретіндерін жеткізді.