Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейтіні белгілі. Жалпы дәрігер болғысы келетін жандар көп екендігі айтпаса да түсінікті, алайда екінің бірі дәрігер бола алмайды. Тек адам анатомиясын терең зерттеуге қабілеті жоғары, жиіркенбейтін, қорықпайтын, науқастың тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан ғана осы мамандықты ала алады. Әрине, адам өміріндегі ең құнды нәрсе — оның денсаулығы. Дәрігер болмаса, науқасқа оның ауруларымен күресуге кім көмектеседі?
Дәрігердің жеке басының қалыптасуы-бұл жалпы объективті заңдылықтарға және өз күш-жігеріне бағынатын күрделі процесс.
Дәрігер болу үшін мынадай қасиеттерге ие болу қажет: терең білім мен берік дағдылар; тез дұрыс шешім қабылдау қабілеті; жоғары еңбекке қабілеттілік; өзін-өзі ұстай білу және жоғары стресстік тұрақтылық; гуманизм, шыдамдылық, түсіністік, мейірімділік; жауапкершілік, адалдық, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылу.
Дәрігер-бұл басқа адамға түсіністікпен қарауды, сезінуді, түсінуді білетін адам. Бұл — жанды ашуға, өз проблемалары туралы айтуға болатын адам. Риясыз көмек алуға болатын адам денені ғана емес, жанды да емдейді. Дәрігер ар-ұждан, ар-намыс, парыз, қадір-қасиет сияқты ұғымдарды ұстануы керек. Ол — өзіне және басқаларға адал болатын, ішкі адамгершілік қадір-қасиетін, адалдығын, жанның тектілігі мен таза ар-ожданын тәрбиелейтін, қиын уақытта көмектесетін тәлімгер.
Мейірімділік принципі-науқастың игілігі үшін әрекет ету, шешім қабылдау, пациенттің денсаулығы туралы, оның әлеуметтік мәртебесіне, жасына қарамастан, шешім қабылдауға және жауапкершілікте болуға, қалпына келтіруге сенім ұялату.
Патриотизм – ол адам баласының туған жерге адалдығының, сүйіспеншілігінің, риясыз махаббатының белгісі, ұлтшылдыққа, рушылдыққа, жершілдікке, жікшілдікке ұласпаған, парасатты ойынан туатын асыл қасиеті, оның қоғамға қарым-қатынасын білдіретін ішкі қағидасы.
Медицинадағы гуманизм — мейірімділік пен жанашырлық арқылы адамға деген құрмет. Адамгершілік пен осы патриотизм үйлескенде дәрігер пациенттің қажеттіліктерін қанағаттандыруды басты міндет етіп қояды. Себебі, оның басты міндеті — пациентке оның ауруларымен күресуге көмектесу, нәтижесінде дені сау ұлт пен бақытты халық қалыптастыруға ықпал ету.
Дәрігер қашан да мәдениетті, жоғары рухани адам ретінде қалыптаса білуі керек. Мұнда білім берудің гуманитарлық компоненті, яғни тұтас тұлғаны қалыптастыру үлкен рөл атқарады.
“Дәрігер — арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек” деген сөз бар. Медицинаның атасы Гиппократ: «дәрігердің жүзі жылы, ұқыпты, киімі таза, қолдары жұмсақ, жағымды» болу керек деген екен ертеректе. Дәрігерлік тек оқумен ғана шектелмейді, дәрігер болу ол да бір өнер. Осы ұғымдарды тереңінен қарастырар болсақ, ол сөздің мағынасы: арыстандай айбатты деген — еш нәрседен қорықпайтын өзінің бойын қорқыныштың баурап алуына жол бермейтін, ал қыздай икемді деген — өз ісіне байыппен, өз ісіне сеніммен қарай білетін жандар, анадай мейірімді деген — науқастарға мейірімін төге білетін өзінің анасы өзіне қандай мейіріммен қараса, ол да науқастарға сондай мейіріммен қарай білетін жандар деп ойлаймын. Егер осы аталған қасиеттердің барлығы мамандық иесінің бойынан табыла білсе, ол үздік дәрігер атанар еді.