Еңбек жастары Республикалық Форумы

Еңбек жастары Республикалық Форумы
27-29.09.2018 Жамбыл облысы Мерке шипажайында ҚРКФ қолдауымен Еңбек жастары Республикалық Форумы өтті. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қазақстанның аймақтарынан 56 жас мамандар қатысты.
ҚРКФ төрағасы – Б.Ж.Әбдірайым, Жамбыл облысы әкімі А.И. Мырзахметов, ҚР Бірінші Президенттік қорының атқарушы директорының орынбасары –И.И. Рогов, ҚР Парламент Мәжісілінің депутаттары – Д.К.Мыңбай, Г.Г. Шиповских құттықтау сөздерімен Форумды ашты.

Форумның мақсаты: кəсіпкерлер арасында кəсіподақ құру, заманға сай сала бойынша жүйе қалыптастыру жəне сол бағытта жас маманның біліктігін арттыру, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында құқықтарды заңмен бекіту, тəжірибелі жетістікке жеткен мамандарды жастарға ұлгі етіп көрсету.
Еңбек жастары Форумның жұмысына белсенді қатысты. PechaKucha интеллектаулдық конференцияда «Ә.Молдағулова», «Мемлекеттік әлеуметтік медициналық сақтандыру», «Салауатты өмір салты», «Бүгінгі студент – ертеңгі жас маман» атты тақырыптарда презентациялар жасалды. «Достық алауы» атты кеште әр салаға байланысты жарқын шығармашылық нөмерлер көрсетілуімен Форум аяқталды.