ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ ЖАН

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өткен Атырау облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңірдің дамуына еңбек сіңірген бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Предиденттің қолынан жоғары марапатқа ие болғандар қатарында облыстық кардиохирургиялық орталығының директоры Марат Қонысов та бар. Әріптесіміздің өңіріне «Құрмет» ордені тағылды. Марат Нұрышұлының денсаулық сақтау саласына қосқан ұзақ жылғы еңбегі осылай бағаланды. Аймақтағы заманауи медициналық емдеу-сауықтыру құрал-жабдықтарымен жарақтанған кардиохирургиялық орталығының ірге тасын қалауға ұйытқы болған, науқас жандарды Алматы, Астана қалаларына жібермей-ақ, осында емдеп сауықтыруға өзінің білімі мен білігін, ұйымдастырушылық қарым-қабілетін танытып жүрген әріптесімізді «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалы атынан осынау жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтаймыз. Оған мықты денсаулық, отбасына амандық, адам жанына үшін араша болудағы жауапты қызметіне табыстар тілейміз.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі
жұмыскерлерінің салалық кәсіптік
одағы» РҚБ-нің
Атырау облыстық филиалы
төрағасы М.Кашкенова