“AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясы өтті

Кеше мен “AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс XXX конференциясына қатыстым. Оған партияның хатшысы Дәулет Кәрібек, аумақтық филиалдардың атқарушы хатшылары, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, барлығы 200-ге жуық делегат қатысты.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау, халықтың мүддесі үшін қызмет жасау бағытына арналған конференцияда мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Алғыс хатымен” және “Аманат” партиясының төрағасы Е. Қошановтың “Құрмет грамотасымен” марапатталдым.

Қашан да еңбектің еленгені — жақсы ғой.