Жаңа жыл – бәріміз ақ пейілмен асыға күтетін айрықша мереке.

«Өткен жылға өкпе жоқ, жаңа жылдан үміт көп» дейді дана халқымыз.

Тарих қойнауына аттанғалы тұрған жыл баршамыз үшін күрделі сынақтарға толы болды. Бүкіл ел болып әлемді жайлаған ауыр індетке қарсы бар күш-жігерімізді біріктірдік. «Қиындық мүмкіндікке бастайды» десек, Сіздердің әрқайсыларыңыздың қажыр-қайраттарыңыз бен ауызбіршіліктеріңіз арқылы ол қиындықтар да артта қалды.

“Балалар жылы” болып аталған бұл жылы еліміздің іргесін қалар жас өскін ұрпаққа барынша қамқорлық жасалды. Қиналғанды жебеп, ауырғанды демеп, қолдарынан келген жақсылығын жасауға ұмтылған жандардың алдыңғы шебінде “SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы да болды.

Алдағы 2023 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.

Қашан да кәсіподақтың алдында Еңбек адамдарының барлық мәселелері шоғырланған бастауыш кәсіподақ ұйымдарына жан-жақты қолдау міндеті тұрып, ол өзекті мәселелер қатарынан түскен емес. Жаңа 2023 жылы біздің кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру және еңбек сапасын арттыру, қатарлар санын арттыру бойынша жаңа міндеттер тұр.

Құрметті достар!
Мереке қарсаңында, Жаңа жылда Сіздерге биік мақсаттарға, тамаша көңіл-күй, махаббат пен қуаныш, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақыт тілеймін. Біздің Отанымыз гүлдене берсін!

Келер жылы Тәуелсіз еліміз жаңа 32 жылдықтың жарқын парағын ашады. Еліміздің даңқы арта берсін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын! Жаңа жыл жақсылықтарға толы болсын!

Медицина саласы қызметкерлерінің абырой-беделі жоғарыласын!
Қашан да жетістіктер бигінен көріне берейік. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Жаңа жыл жақсылығымен келсін!

“SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы