Медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деген сөз іспетті

Дәрігер мамандығының қыр-сырына қанығып, қиындығына қарамай сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Тек жүректілікті емес жауапкершілікті де талап ететін сала маманы өзін адам өмірінің құтқарушысы екендігін сезініп-ақ келеді.

Дәрiгердiң мiндеттерi: шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету, емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу, пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету, жалпы дәрiгерлiк практика/отбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу, иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау, отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және бағдарлау жұмыстарын жүргiзу, үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету т.б.

Дегенмен, білген адамға медицина қызметкерлері деген — тұғыры таймас биік тұлға. Жалпы, медицина қызметкері болу адамға жарық сыйлау деген сөз іспетті.
Олай болса, қадірлейік дәрігерді! Дәрігерлер жасасын!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы