Биылдан бастап медициналық ұйымдардың өздері жеке сақтандыру компанияларымен шарттар жасасатын болады.

2025 жылдан бастап ортақ негізде сақтандыру-медициналық ұйым және медицина қызметкері негізінде жұмыс істейді. Сақтандыру шарты медициналық оқиғалар бойынша барлық төлемдерді жабу үшін бір жылға жасалады. Осының барлығы медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне жасалып отырған қамқорлықтар.

Сондай-ақ, биыл медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады. Бұл науқастарды қорғауды қамтамасыз етуге, медициналық мамандықтың беделі мен абыройын арттыруға, сондай-ақ өскелең ұрпақты денсаулық сақтау саласына тартуға мүмкіндік береді. Осы жылы орташа жалақыны дәрігерлерге – 30%-ға, 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне – 20%-ға, 250 мың теңгеге дейін көтеру қарастырылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша резидентурадағы гранттар саны 70%-ға көбейетін болады.

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы