Медициналық персоналға қатысты залал денсаулыққа, мүлікке және басқа жағдайда жеке адамға моральдық нұқсан келтіргені үшін санкциялар мен азаматтық және қылмыстық заңнамаға жатады.

Көп жағдайда дәрігерге тағылатын айып, тіпті кейде қылмыстық істерге жалғасып кетіп жатады. Дегенмен көп жағдайда қылмыстық істердің 70 пайызы медициналық қызметкерлердің кінәсі жоқ болғаны үшін тоқтатылады. Себебі науқастың сараптау-талдау материалдары медициналық сараптамадан соң дәрігердің кінәсінен емес, пациенттің бойындағы жасырын аурулардың асқынуынан болғандығы анықталып жатады.

Кәсіби жауапкершілік жүйесі аясында медицина қызметкерлері дау-дамайды жан- жақты зерттеп, тәуелсіз сарапшылар арқылы сотқа дейін реттеуі керек және келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуі тиіс. Пациент келіспеген жағдайда медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесі деңгейінде қаралып, оның қорытындысы залалды өтеу үшін сақтандыру компаниясына жіберілуі керек. Науқастың туысы немесе өзі келіспеген жағдайда сотқа жүгінуге құқығы бар. Медицина қызметкері тарапынан пациенттің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу қолданыстағы сақтандыру компаниялары арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл жағдайда сақтандырушы – ол жұмыс беруші, ал медициналық ұйым сақтандыру компаниясымен ұжымдық шарт жасасады.

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы