Атырау облысының делегаттары «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезіне қатысты.
2022 жылдың 22 ақпан күні, Астана қаласында «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезі өтті. Аталған съезде «SENIM» кәсіподағының 2018-2022 жылдар аралығындағы жұмысының қорытындылары қаралды. Съезд жұмысына Қазақстан кәсіподақтар федерациясының, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, еліміздің салалық кәсіподақтарының төрағалары мен «SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Съездің күн тәртібімен келесі мәселелер қамтылды:
— SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі қызметінің қорытындылары бойынша есебі
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2018-2022 жылдар аралығындағы бақылау-тексеру комиссиясының есебі.
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы.
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасын сайлау.
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің артқару комитетінің құрамын бекіту.
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің бақылау-тексеру комиссиясының құрамын бекіту.
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің 2023-2028 жылдарға арналған бағыттарын айқындау.
— «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезд резалюциясы.
Съездің ашылу салтанатында кәсіподақ көшбасшыларын «SENIM» төсбелгісімен марапаттау рәсімі өтті. Съезд делегаттары күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша спикерлерді тыңдап, төраға-Сапарбек Серікұлы Дүйсеновті бірауыздан қайта сайлады.
Өз кезегінде жаңадан сайланған төраға 2023-2028 жылдарға арналған «SENIM» кәсіподақ қызметінің негізгі бағыттарын атап өтті.
Іс-шара қорытындысы бойынша «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің II съезінің Қарары қабылданып, Деңсаулық сақтау Министрлігіне, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Үкіметіне жіберілетін болады.