КӘСІПОДАҚТАР — ӘДІЛЕТТІЛІК ҮШІН

Наурыз айының 6 күні Кәсіподақтар үйінде «AMANAT» партиясы БҚО филиалы атқарушы хатшысы Мұқаев Мұрат Рахметұлы мен ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына «AMANAT» партиясы тізімі бойынша үміткер, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Салықов Ербол Ғұмарұлы кәсіподақ өкілдерімен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Мұқаев Мұрат Рахметұлы «AMANAT» партиясы еңбек адамының мүддесін қорғап, олардың әлеуметтік жағдайының артуына үнемі ықпал жасайтынын, еңбеккерлердің партия қатарында айтарлықтай көп орны бар екенін айтты.

Кандидат Ербол Ғүмарұлы өз сөзінде: «Әділетті қоғамның басты принципі-теңдік пен таңдау мүмкіндігі. Соған орай, бұл бағдарлама барлық саланы қамтыған. Соның ішінде еңбек қатынасына көп көңіл бөлінген. Жұмыс берушілер мен еңбеккер арасындағы қарым қатынас маңызды рөл атқарады. Алайда, бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындар жұмыс орындарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды елемейді. Олар еңбек жағдайын жақсартуға мүдделі емес, қызметкерлердің денсаулығына тиесілі түрде жауап бермейді. Біз мемлекет пен қоғам тарапынан жұмыс берушінің жауапкершілігі мен жұмысшының қауіпсіздігін бақылауды күшейтеміз. Еңбекті қорғау жөніндегі ең төменгі стандарттар жетіле түседі. Біз жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкер мен жұмыс берушінің кінәсін анықтау тәртібін қайта қарастырамыз»-деді. Аталмыш бағыттар ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұсынған «Әлеуметтік мемлекетке 15 қадам» бағдарламасымен етене үндеседі. Ербол Ғұмарұлы 2015-2018 жылдар аралығында БҚО «Кәсіподақтар орталығы» төрағасы қызметін атқарды. Сол себептен, еңбек адамының мұң-мұқтажы мен қажеттіліктерімен жақсы таныс.

Жиын соңында салалық кәсіподақ көшбасшылары партия өкілдеріне өз көкейкесті сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, 19 наурызда өткелі жатқан барлық деңгейдегі депутаттар сайлауына қатысып, дауыс беретіндерін жеткізді.

#kasipodaqkz
#КәсподақӘділеттікҮшін