Қадірлі ханымдар мен арулар! Сала ардагерлері!

Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын.

Көктемгі көңіл-күй, шаттық, жылулық пен шабыт тілеймін. Жүректеріңіз бақыт пен махаббатқа толы болып, жақындарыңыз сіздерді бағалай білсін!

Әр күндеріңіз күлкіге, махаббатқа, қамқорлық пен қуанышқа толы болсын.

Табиғаттың әсемдігі шабыт беріп, әдемі көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке – бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол — мемлекеттік және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз берілген.

Жер – дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл – күй тілеймін. Жылдан – жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы