Өңірлік семинар

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Атқару комитетінің шешімімен, 2023 жылға бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін оқыту семинарлары өткізілетін болады. Оқыту барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларын қамтиды және екі кезеңде-ағымдағы жылдың сәуір және қыркүйек айларында өтеді.

Осыған орай, 2023 жылдың 10-11 сәуірінде «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары үшін «Еңбек заңнамасы. Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау» тақырыбы бойыншаекі күндік өңірлік семинар өтті.

Семинардың мақсаты – бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының кәсіби дағдыларын арттыру, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормаларының сақталуына бақылауды күшейту, кәсіподақ қызметінің тиімділігін арттыру, коммуникация дағдыларын дамыту және татуластыру рәсімдерін жүргізу.

Семинарда спикерлер ретінде сөз сөйлегендер:

Ибраимов Еркин Турарович – Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы;

Садыкова Мадина Эдуартовна – заңгер, еңбек құқығы, кадрлар және HR жөніндегі сарапшысы;

Сисенбаева Айнур Турегалиевна –заңгер, медиатор-тренер, WAML дүниежүзілік медициналық құқық қауымдастығының мүшесі.

Шарипова Халида Кубентаевна – дәрігер акушер-гинеколог, ҚР тәуелсіз сарапшысы, «Астана қаласының тәуелсіз медициналық сарапшылар қауымдастығы» ҚБ-нің мүшесі.

Семинар барысында еңбек заңнамасының нормалары, медицина қызметкері мен пациенттің қарым-қатынасын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері, сондай-ақ дәрігерлердің кәсіби қызметін құқықтық қорғау тетігін құру бойынша мәселелеріқаралды. Семинарға қатысушылар кәсіподақ жұмысында одан әрі қолдану үшін нақты практикалық кеңестер алды.

Екі күнге созылған өңірлік семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.