Биылғы жылы әлеуметтік серіктестермен бірлесіп кеншілер мәдениет Сарайында өткізілді.
Мереке қарсаңында келесі номинациялар бойынша 2023 жылғы Үздік орта медицина қызметкеріне арналған облыстық конкурстың қорытындысы шығарылды:
— Қарағанды облысының 2023 жылғы Үздік медбикесі «Қарағанды қаласының №1 емханасы» КМК Әйгерім Әбенова болды;
— Қарағанды облысының 2023 жылғы Үздік фельдшері «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК Ирина Бирюкова болды;
— Қарағанды облысының 2023 жылғы Үздік фармацевті «Теміртау қаласының №2 емханасы» КМК Құралай Серкебайқызы Пошанова;
— Қарағанды облысының 2023 жылғы Үздік гигиенист-эпидемиологы «Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК Индира Айкенбаева болды;
— Қарағанды облысының 2023 жылғы Үздік зертханашысы «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК Әділбаева Гакку болды;
— «Осакаров ауданының орталық аудандық ауруханасы» КМК Лидия Загнибородина 2023 жылғы Қарағанды облысының Үздік акушері болып танылды.
«SENIM» Денсаулық сақтау кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев құттықтау сөз сөйлеп, келесі номинанттарға «SENIM» кәсіподақ төсбелгілерін табыстады:
— «Қарағанды қаласының №5 емханасының» КМК бас медбикесі — Жәния Бапашева;
— «Балқашстоматология» ЖШС тіс технигі — Марат Әбеуов.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің наградаларымен марапатталды:
— «Еңбек ардагері» медалі — Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжінің тәлімгері Наталья Полынько;
— «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен — Балқаш қаласының медициналық колледжі директорының орынбасары Айнагүл Тоқейбекова;
— «Денсаулық сақтау үздігі» — Қарағанды облыстық жоғары мейірбике колледжінің оқытушысы Гүлмира Қалиева және алтыншы ауданның орталық аудандық ауруханасының Қызылқой медициналық пунктінің медбикесі-Гүлнар Түсіпбай.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің, Қарағанды облысы Әкімінің және «SENIM» кәсіподағының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.