Бүгін “Тараз-Арена” спорт кешенінде мемлекеттік қызметшілер күніне арналған облыстық спартакиаданың қорытынды финалына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Оның барысында 23-маусым күні болатын мемлекеттік қызметкерлер күніне орай кешеден бері түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік кызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихатгау, мемлекеттік баскару органдары кызметшілері арасында бұқаралық спортты дамыта отырып, кызметшілер арасында достық қатынасты орнату, оларды дене шыныктыру және спортпен жүйелі турде айналысуға тарту, облыстың құрама командасын жасақтау бағытында ұйымдастырылған спартакиада Тараз каласы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 2023 жылдың 9- 10 маусым күндері жалпыкомандалық есептегі 11 спорт түрінен болды.

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада топ жарғандарды мен “SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалы атынан құттықтап, қаржылай сертификаттар бердім.

Мемлекеттік қызметтің үдесінен шығып, енді қосымша спорттың да белесін бағындырған оларға құттықтау айтып, қолдау білдірдім.