Бүгін Орал қаласында «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аумақтық семинар басталды.

Оның жұмысына атыраулық делегация да қатысуда. Біз осы семинарда өзге әріптестерімізбен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен «Қауіпсіз еңбек жылы» болып жарияланған биылғы жылы атқарылатын жұмыстар мен алдағы міндеттерді сөз етпекпіз.

Семинар жұмысында кәсіподақ жетекшілерімен бірге ұжымдық шарт жасау, осы шартқа қосылу тәртібі, құқықтық қорытындысы мен қолданылуы, денсаулық сақтау мекемелеріндегі Келісім комиссиясы, оның алгоритмі, қалыптастыру тәртібі мен құрамы, құзыреті және оған жүгіну туралы мәселелерді де жан-жақты талқыланбақ. Сонымен қатар, Келісім комиссиясының еңбек дауын қарау тәртібі мен медиация, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттар кезіндегі әрекеттер алгоритмі де семинарға қатысушылардың талқылауынан тыс қалмайды деп үміттенеміз.

​Аталған аумақтық семинардан болашақ жұмысымызға пайдасы тиер біраз нәрселерді ойға түйіп қайтамыз деген ойдамын. Саланың кәсіподақ жетекшілері оларды болашақта жұмыс тәжірибелеріне енгізіп, сала жұмыскерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын алуға бар күш-жігері мен тәжірибелерін жұмсайтын болады.
​​​Майра КАШКЕНОВА,

«Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының төрағасы