ЛАЙЫҚТЫЛАРҒА – МАРАПАТ

Кеше Кәсіподақтар үйінің мәжіліс залында Конституция күні мерекесіне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Онда «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Атырау облыстық филиалы халық денсаулығының жақсару жолында жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан медицина қызметкерлерінің бір тобының еңбектері еленіп, мереке қарсаңында марапат төрінен көрінді.

Облыстық филиал төрағасы Майра Кашкенова өз ісінің озаттарын, әлеуметтік әріптестерді, кәсіподақ белсенділері мен бастауыш ұйым жетекшілерін Ата Заңымыздың айтулы мерекесімен құттықтап, игі тілегін жолдады. Салтанатты шара барысында денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ таңдаулыларына «Кәсіподақ үздігі» белгісі, республикалық салалық кәсіптік одақтың Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табыс етілді.

Марапат иелерінің қатарында «Сәлімжан и К» ЖШС гинеколог-дәрігері Зоя Қалиева, Индер, Жылыой аудандық ауруханаларынан аға мейіргер Ләззат Нышанова, дәрігер Ибрагим Майлашев, облыстық периниталдық, кардиологиялық орталықтарының дәрігерлері Жанат Тілеуғалиева, Эрика Жұмағалиева және басқа да ақ халатты жандар бар.

Қуаныш иелері мереке қарсаңында кәсіподақ тарапынан өздеріне көрсетілген қолдауы үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.