«SENIM» Қарағанды облыстық филиалының кәсіподақ көшбасшылары Семей қаласында еңбек заңнамасының негіздері бойынша екі күндік оқудан өтті

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының кәсіподақ көшбасшылары Семей қаласында еңбек заңнамасының негіздері бойынша екі күндік оқудан өтті.

«Ұжымдық шарт», «Медициналық ұйымдағы келісім комиссиясы», «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар», «Дәрігерлердің кәсіби қызметін құқықтық қорғау тетігін құру алгоритмі».

Семинар барысында қызығушылық тудыратын тақырыптар талқыланып, әркім өз тәжірибесімен бөлісе алды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Мұндай семинарларды өткізу біліктілікті арттыру және кәсіби дағдыларды алу үшін қажет.