Жамбылдық дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру бойынша жұмыстар қарқында жүзеге асуда

​Жамбыл облысында 2023 жылға денсаулық сақтау басқармасының есебімен 4273 медицина қызметкерлерді оқыту жоспарланған еді.

Оның 902 — дәрігер (біліктілігін арттыру 769, семинарлар 122, мастер кластар 11), оның 179-ы республикалық бюджет есебінен, 40 дәрігер жергілікті бюджет есебінен,640 медициналық ұйымның есебінен, 43 дәрігер өз қаражаты есебінен оқытылды.

Орта медицина қызметкерлері 3371 (біліктілігін арттыру 2833, семинарлар 428, мастер кластар 110), оның 228-і республикалық бюджет есебінен, 1196 ОМҚ жергілікті бюджет есебінен, 1627 медициналық ұйымның есебінен, 320-сы өз есебінен оқыту жоспарланды.

Яғни, жалпы 5838 медицина қызметкерлері оқытылды.

Оның ішінде 1437 дәрігер (біліктілігін арттыру 795, семинарлар 626, мастер кластар 16),оның 446-сы республикалық бюджет есебінен, 53-і жергілікті бюджет есебінен, 608-і медициналық ұйымның есебінен, 330-ы дәрігер өз қаражаты есебінен біліктіліктерін жетілліріпті.

Орта медицина қызметкерлері 4401 (біліктілігін арттыру 1715, семинарлар 2477, мастер кластар 209), оның 1235-і республикалық бюджет есебінен, 1176-сы медициналық ұйымның есебінен, 1990-ы өз қаражаты есебінен оқыған.

Медицина қызметкерлерінің шет елдердің жетекші медициналық клиникаларында кәсіби біліктілік деңгейін арттыру мақсатында 2023 жылы жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, мамандардыоқыту жоспарланыпты.

Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы «Нейрохирургия және аритмология» тақырыбы бойынша 16 дәрігер Түркия Республикасы, Стамбул қаласында оқып келді.

26 дәрігер «акушерия-гинекология, анестезиология-реаниматология, неонатология» мамандықтары бойынша Ресей Федерациясында біліктілігін арттыруда.

Тәжірбие алмасу мақсатында желтоқсан айында 11 бөлім меңгерушілері Түркия Республикасы, Стамбул қаласында біліктілігін арттыру жоспарлануда.

2023 жылдың 17-21 шілдесі аралығы «Ұлттық және халықаралық аккредиттеу стандарттарының талаптарына сәйкес медициналық ұйымдарда сапа менеджменті жүйесін енгізу» тақырыбы бойынша 43 дәрігер біліктілігін арттырды.

2023 жылдың 24-29 шілдесі аралығы «Емдеу алдын алу ұйымдарында дәрілік заттарды сатып алуды жоспарлау» тақырыбы бойынша 34 дәрігер біліктілігін жетілдірген.

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында Жамбыл облысында ядорлық медицина ашу мақсатында «Россия Федерациясы, Мәскеу қаласындағы «Дмитрий Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкологиясы және иммунологиясы» ұлттық медициналық ғылыми-зерттеу орталығына және «Хадасса» медициналық орталығына техникалық турға бару жоспарланды .

Жамбыл облысында ядролық медицина орталығын құру жөніндегі жобаны бірлесіп пысықтау үшін және медициналық шешімдермен танысу мақсатында Мәскеу қаласындағы Дмитрий Рогачев атындағы балалар гематологиясы, онкология және иммунология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы мен Hadassah Medical Moscow-ға техникалық турға қатысу үшін 9 маман ағымдағы жылдың желтоқсан айында бармақшы. Мұның барлығы — өңіріміздің медициналық кадрларының тәжірибелік дағдысының қалыптасып, өзге мемлекеттен үйренгендерін өзімізде пайдалануға мол мүмкіндік. Егер өз мамандарымыз өз елімізде мықты болса, пациенттерге де алысқа сабылудың қажеті шамалы емес пе? Олай болса, облыстың денсаулық сақтау саласының дәрігерлерді оқыту бойынша арнайы қаржы бөліп, жүргізіп отырған саясатына тек қолдау бергеннен басқа айтарымыз жоқ. Медицина мамандарының біліктіліктері мен білімдері дами берсін!

SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрайымы
Момбекова Гүлмайра Асанқызы