ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, КӘСІПОДАҚТАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың ғасырлар бойығы үкілі үміті үстем болып, еліміздің еркін дамуына айқара жол ашылған қастерлі мереке. Тәуелсіздік жылдары серпінді дамып, әлемдегі абыройы асқақ, беделі биік елге айналды. Болашақта алар асуы мен шығар шыңы одан да биік боларына үмітіміз зор.

Халықтың денсаулығын нығайту, сала қызметкерлерінің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті, қызметтеріңіз табысты болсын. Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметпен, Майра КАШКЕНОВА,

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ

Атырау облыстық филиалының төрағасы