ПЕЙІШТЕ НҰРЫҢ ШАЛҚЫҒАЙ, АЙГҮЛ!

Кеше кешкісін Атырау облысының Доссор-Бейнеу бағытындағы жол бойында төрт көлік соқтығысып, соның салдарынан науқасты облыс орталығына жеткізу үшін жедел жәрдем көлігінде болған медицина қызметкері Айгүл Тілепиева көз жұмды. Өзіне тапсырылған міндетті абыройлы орындау үшін қызмет барысында жол апатынан қаза тапқан Айгүл Ықыласқызы Жылыой өңірінің тумасы.

Қарапайым еңбегімен көпшілік құрметіне бөленіп жүрген әріптесіміз 1988 жылы Ақтөбенің медицина училищесін тәмамдаған соң Ембі аудандық емханасында учаскелік балалар мейірбикесі болып еңбек жолын бастады. Ал, 1995 жылдан өмірінің соңғы сағатына дейін Қосшағыл дәрігерлік амбулаториясында акушеркалық қызметімен абыройлы жұмыс жасады.

Айгүл Ықыласқызы зайыбы Нұрлыбек Қодаров екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді.

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалы жүкті ана мен оның болашақ сәбиінің денсаулығын сақтап қалу үшін қызмет бабында жол-көлік апатына ұшыраған әріптесіміз Айгүл Тілепиеваның қазасына байланысты марқұмның отбасына, туысқандары мен ұжымдастарына қайғырып көңіл айтамыз. Жаны жәннатта, топырағы торқа болғай. Оның жарқын бейнесі көптің жадында ұзақ сақтала бермек.

Атырау облыстық филиалы.