Медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен абыройын қадірлеуі керек, оларға жылы шыраймен қарап, жеке құпиясына деген құқығын сыйлауы тиіс, туыстары мен жақындарының науқастың жай-күйіне алаңдаушылық білдіруін түсіністікпен қабылдауға, сонымен қатар, ол жеткіліксіз, яғни кәсіби себептерсіз пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы тиіс.
Егер де пациент өзінің келісімін саналы түрде бере алмаса, оның орнына заңды өкілі немесе пациентті үнемі қамқорлыққа алатын адам бере алады.
Пациент өзінің денсаулығы жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, бірақ, сондай-ақ, одан бас тартуға немесе денсаулығы жайлы хабарлауға болатын адамды көрсетуге құқығы бар.
Ақпарат пациенттен, егер оған зиян келтіруі мүмкін деген салмақты негіздеме болған жағдайда ғана жасырын болуы тиіс. Дегенмен, паценттің нақты білдірген талабы бойынша медицина қызметкері оған толық ақпаратты ұсынуы тиіс.
Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда, мүмкіндігінше қолайлы нәтиже болуы үшін шетін түрде байқап хабарлау қажет.
Пациенттің қалауы бойынша медицина қызметкері оның басқа медицина қызметкерінен кеңес алу құқығына кедергі жасамауы тиіс.
Медицина қызметкерінің науқаспен сұхбаттасқан кезде өзін өзі жарнамалауға тыйым салынады.
Емдеу үдерісі кезінде қателіктер орын алып немесе ойда болмаған асқынулар дамыған жағдайда, медицина қызметкері ол туралы науқасқа, тікелей басшысына хабарлауы тиіс және тез арада туындайтын зияндық салдарын түзетуге бағытталған әрекеттерді жүргізу қажет.
Дәрігер, медицина қызметкері кәсіби міндеттерін лақап атты қолданылмай, жәнек өзіне берілген ресми титулын, дәрежесін, атағын көрсетпей, тек өзінің тегі, аты-жөнімен жүзеге асыруы тиіс.
Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен ethice – адамгершілік, моральға үйрену), немесе медициналық деонтология (грек тілінен deon – міндетті; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандастық әдебиетте кеңінен қолданылды), – медицина қызметкерлерінің олармен өз кәсіби міндеттерін орындаған кездегі этикалық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы.
ғылыми — медицина қызметкерлері қызметінің этикалық және адамгершілік аспектілерін зерделейтін медициналық ғылым бөлігі;
іс-тәжірибелік — міндеті этикалық нормалар және қағидаларды кәсіби медициналық қызметте қолдану мен қалыптастыру болып саналатын медициналық практика саласы.